Іздеу-құтқару жұмыстарының нәтижесінде ер адам мен әйел табылды, оларға медициналық көмек қажет болмады.
Оқиға 23 маусымда Конаев қаласындағы Қапшағай су қоймасында болған.
Белгілі болғандай, ер адам мен әйел скутермен су қойма жағасынан 3-4 км қашықтықта адасып кеткен. Кейін скутер сынып, өздігінен орала алмай қалды.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары - 22 қызметкер және 8 жүзу құралы, сондай-ақ 5 Жол полициясы қызметкерлері жұмылдырылды.
Алматы облысының ТЖД су көлігін пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын және суға шықпас бұрын ауа райы жағдайларын тексеру қажеттігін еске салады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі