
Өткен тәулік ішінде Алматы облысы ТЖД құтқарушылары Алакөл көлінде 7 адам құтқарды.
ТЖД қызметкерлері күн сайын ірі су айдындарының жағалауында патрульдеу жүргізіп, құтқарушылар суда зардап шегушілерге көмек көрсетеді.
Үстіміздегі жылдың 9 шілдесінде Алакөл ауданы Ақши ауылының құтқарушылары патрульдеу кезінде Алакөл көліне демалуға келген 1996 жылы туған Қарағанды қаласының тумасы болып табылатын ер адамды құтқарды. Суға шомылу кезінде оның екі аяғы құрысып қалған, оны патрульдеуші құтқарушылар дер кезінде байқап құтқарып қалды.
Сол күні кешке құтқарушыларға Алакөл көліндегі аралда Ақши ауылынан 40 шақырым жерде гидроциклі сынған адамдар қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына шыққан құтқарушылар 1980 және 1982 жылы туған ерлі-зайыптыларды эвакуациялап, жағаға жеткізді.
Түн ортасында құтқарушылар тағы да көмекке асықты. Бұл жолы Ақши ауылынан 6 шақырым жерде "Щукарь" түбегінде екі адам – 1983 жылы туған қыз бен жігіт қалып қойғаны белгілі болды. Оқиға орнына шыққан құтқарушылар оларды тауып, жағаға жеткізді.
10 шілде күні таңертең сол түбектің ауданында тағы да 1981 және 1993 ж.т. жас жұпты іздеу жүргізілді. Олар Көктұма ауылынан 10 шақырым жерден табылды. Құтқарылғандардың барлығына медициналық көмек қажет болған жоқ.
Алматы облысы ТЖД азаматтардың суда демалу кезінде өте абай болуларын сұрайды және келесі қарапайым қауіпсіздік ережелерін еске салады, осыларды сақтау қайғылы жағдайлардан аулақ болуға көмектеседі:
- арнайы рұқсаты және құтқару қызметі бар жабдықталған жағажайларда және басқа да шомылуға арналған орындарда ғана шомылыңыз;
- жүзе білмей, белден жоғары суға кірмеңіз;
- суға шомылу кезінде бір-бірлеріңізді көзден таса қылмаңыздар;
- жағалаудан алысқа қалтқылар мен қоршау белгілерінің ары жүзбеңіз;
- жүзе білмесеңіз, жүзу үшін шеңберді, үрлемелі матрастарды, пластикалық қайықтарды пайдаланбаңыз;
- тым ұзақ шомылмаңыз, қатты тоңып қалуыңыз және шаршауыңыз мүмкін;
- түнгі уақытта және мас күйде шомылмаңыз;
- балаларды бір минутқа да қараусыз қалдырмаңыз;
- жүзу құралдарымен серуенге аттанған кезінде, бакта отынның болуын және техникалық жағдайын тексеріңіз.
Егер сіз қайғылы жағдайға ұшырасаңыз, «112» құтқарушылар нөмірін теріңіз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі