Судағы қауіпсіздік!

Судағы қауіпсіздік!

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді!
Алматы облысында 2024 жылғы 20-23 маусым аралығында температуралық фонның көтерілуі болжануда. ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан тек рұқсат етілген жерлерде шомылуды, мас күйінде суға түспеуді, сондай-ақ су айдындарындағы барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды және балаларды қараусыз қалдырмауларынызды сұрайды. Балалармен болатын барлық жазатайым оқиғалар олардың ересектердің қарауынсыз қалуына байланысты болады. Демалыс жағымды және қауіпсіз болуы керек.