Іле ауданының 9 химиялық қауіпті объектілерінің өкілдерімен көшпелі жұмыс кеңесі

Іле ауданының 9 химиялық қауіпті объектілерінің өкілдерімен көшпелі жұмыс кеңесі

2024 жылғы 14 маусымда Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Іле ауданының 9 химиялық қауіпті объектілерінің өкілдерімен көшпелі жұмыс кеңесін ұйымдастырды. Осы кеңесте авариялар туындаған жағдайда химиялық қауіпті объектілер құралымдарының іс-әрекеттері бойынша түсініктемелер берілді. Осы объектілердің аумағында бірлескен оқу-жаттығулар өткізу туралы келісімге қол жеткізілді. Сондай-ақ қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.

 

                                                                Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі