12 маусымда Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы полковник Кенжехан Самат Кенжеханұлы брифингте "Өрт қауіпсіздігі" және "Жазғы кезеңдегі саяжай алаптарындағы өрт қауіпсіздігі" тақырыбында брифинг өтті.
Брифинг барысында өрт қауіпті кезеңде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің барлық сұрақтарына жауаптар берілді.
Өрт қауіпті кезеңде табиғи өрттердің туындау қаупін азайту мақсатында Департамент қызметкерлері орман шаруашылығы мекемелерімен бірлесіп келесі жұмыстарды жүргізді. Табиғи өрттер туындаған жағдайда облыстық, қалалық, аудандық күштер мен құралдарды тартудың жоспарларына, сондай-ақ халықты байланыстыру, хабардар ету және ақпараттандыру схемаларына түзету жүргізілді.
Табиғи өрттерді шұғыл анықтау мақсатында "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК АҚ-мен және "Қазгидромет" РМК-мен облыс аумағы мен шекара маңындағы аумақтарды гидрометеорологиялық болжамдар мен қашықтықтан зондтау бойынша шарттар жасалды.
Табиғи өрттердің ықтимал ошақтарына мониторинг жүргізу бойынша Қазавиаормандықорғаумен шарттар жасалды.
Жазғы кезеңде саяжай алаптарында азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері мен жергілікті атқарушы органдар арасынан 81 адамнан тұратын 18 мобильдік топ құрылды.
Мобильді топтар 79 бірлескен рейд жүргізді, рейдтік іс-шаралардың нәтижелері бойынша 110 мың 670 теңге сомасына 3 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Instagram, Fasebook, Twitter, VK әлеуметтік желілерінде 321 үгіт материалы жарияланды. Бұл жұмыс баспа басылымдарында, теледидар мен радио арқылы жүргізіледі.
Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 131 елді мекенге іргелес аумақтарды құрғақ өсімдіктерден және жанғыш қоқыстардан тазарту жүргізілді.
Бүгінгі таңда елді мекендер мен саяжайлардың аумағында құрғақ өсімдіктердің жану жағдайлары жиілеп, құрғақ шөптің 75 жануы орын алды.- деп атап өтті спикер.
Брифинг соңында спикерлер азаматтарды өрт қауіпсіздігінің бірқатар қарапайым ережелерін сақтауға шақырды:
- тұрғын үй мен бау-бақша учаскелеріне іргелес аумақты құрғақ шөптер мен қоқыстардан алдын ала тазалаңыз;
- тұрғын үй ғимараттарының аумағында, сондай-ақ орман алқаптарының жанында қоқыс үйінділеріне жол бермеңіз;
- тұрғын үйлерде, саяжайларда және орман алқаптарында қоқыстарды өртемеңіз;
- өрт қауіпті кезеңде от жағуға немесе орманда ашық от жағуға болмайды, темекі тұқылын тастамаңыз;
- балалардың ойындарын отпен тоқтатыңыз;
- сөндірілмеген отты қалдырмаңыз. Оны сумен өшіріп немесе жермен жабу керек.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі