Талғар ауданының жазғы лагерьлерінде профилактикалық жұмыстар өткізілді

Талғар ауданының жазғы лагерьлерінде профилактикалық жұмыстар өткізілді

 Талғар ауданының ТЖБ қызметкерлерімен балалардың қауіпсіздігіне қатысты бір қатар кең ауқымды іс-шаралар өткізді. Талғар ауданының ТЖБ қызметкерлері балаларды азаматтық қорғау саласында оқыту мақсатымен, «Маралсай», «Тау Туран», «Ой-Карагай», «Связист», «Акбулак» балалар сауықтыру лагерлерінде профилактикалық жұмыстар өткізді.

Шығу жұмыстар барысында лагерь басшыларына өрт қауіпсіздік талаптары, сел кезіндегі іс-әрекеттер және судағы қауіпсіздік бойынша ұсыным хаттар берілді, 90-нан астам баларға «Сұрақ-жауап» өткізілді, балалар сұрақтарға жауап беріп, өздерінің қауіпсіздікке қатысты білімділігінің жоғары деңгейін көрсетті, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысы туралы айтылды, балалардың жарақаттануының алдын алу бойынша, табиғатта және шомылу маусымында демалу уақыты, балалардың отпен ойнауы, жаппай және түнгі объектілерде өрт қауіпсіздігінің алдын алу тақырыбтарда дәрістер-әңгімелер өткізілді, сонымен қатар, өрт кезінде өрт сөндіргішті қолданудың мысалы ретінде нұсқаулық өткізілді азаматтық қорғау саласындағы көрнекі құралдар таратылды.

Балалар азаматтық қорғау органдарының жұмысына қызығушылық танытты, үлкен жасөспірімдер үшін М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау Академиясяна оқуға түсу ұсынылды.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі