2024 жылғы 12 маусымда Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері "Талғар спирт" химиялық қауіпті объектісінің өкілдерімен, Талғар ауданының азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарымен көшпелі жұмыс кеңесін ұйымдастырды. Аталған кеңесте "Талғар спирт" ЖШС күштері мен құралдарының, осы объектіде апат болған жағдайда Талғар ауданының азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының іс-әрекеттері түсіндірілді. Сондай-ақ, дағдарыстық жағдайларда бірлескен іс-қимыл бойынша өзара ынтымақтастыққа және жақын арада оқу-жаттығу өткізу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі