Біз балалық шақтың қауіпсіздігі үшін!

Біз балалық шақтың қауіпсіздігі үшін!

Барлық кішкентай балалар оттың ықтимал қауіп-қатерін толық сезбей, от жағуға құмар болып келеді. Үш жастан бес жасқа дейінгі балалар өздерінің ойындарында ересектердің әрекетін жиі қайталайды. Балалар үйде жалғыз қалған кезде дербестікке ұмтылу ерекше көрінеді.

Ересектер әр түрлі жағдайларға байланысты балаларды қандай да бір уақытта қадағалаусыз қалдыруға мәжбүр болған жағдайлар болады. Бір үйде тұрып, баланың сіріңке қорабымен ойнамауына, қағазды жақпауына, алауды ұйымдастырмауына сенімді болуға болмайды.

Егер балалар жабық пәтерлерде немесе бөлмелерде қалатын болса, онда тіпті қауіпті. Өрт болған жағдайда олар қауіпті бөлмеден сыртқа шыға алмай қалуы мүмкін.

Балалардың отпен ойнауының соңы бұзақылыққа ауысатын жағдайлар жиі кездеседі. Ойын-сауық үшін балалар үйдің шатырлары мен балкондарынан жанып жатқан «ұшақтарын» іске қосады, пошта жәшіктерін, пәтер есіктерінің қаптамаларын күйдіреді, подъездерге жанып кеткен заттардың күлін лақтырады, мұндай ойын-сауық қандай зардаптарға әкелуі мүмкін дегенді ойлап та жатпайды.

Балалардың отпен ойнауынан болатын өртті болдырмау үшін не істеу керек:

- балаларға өрт қауіпсіздігі туралы айтыңыз;

- өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға байланысты барлық жағдайларда үлгі болыңыз;

- сіріңкені балалар үшін қолжетімді жерде қалдырмаңыз;

- балаларға пештерді, газ плиталарын жағуды, электр тұрмыстық құралдарды өз бетімен қосуды тапсырмаңыз;

- балалардың от жағуын қадағалаңыз;

- үйден кетіп бара жатып, жас балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмаңыз;

- балаға қызықты бос уақытты ұйымдастырыңыз.

Баланы өрт кезінде дұрыс әрекет жасауға үйретіңіз.

Өрт немесе жану белгісі (түтіндеу, жоғары температура, күйік иісі және т.б.) анықталған кезде кез-келген жастағы баланы дереу үй-жайдан аулаққа әкету қажет.

Өрт оқиғасы орын алса, ол туралы ересектерге немесе «101» - өрт сөндіру қызметіне, «112» – құтқару қызметіне хабарлау керек.

«Тыйым салынған нәрсе тәтті!» демекші, балаға сіріңке қорабындағы от жаққыштың қауіптілігін тағы бір рет түсіндіріп, «от жағуға болмайды!» деп ескерткен жөн.

Балалардың осы кеңестерді есте сақтауы өте маңызды. Жеке тұлға ретінде үлгі болып, өзіңіз балаларды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға үйретіңіз. Біз балаларымызға үлкен қамқорлық танытқанда ғана оларды отпен ойнаудан болатын өрттің алдын аламыз, өз үйімізді, мүліктерімізді және ең қымбаты – баланың өмірін сақтай аламыз.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі