ТЖД қызметкерлеріне психологиялық қолдау көрсету

ТЖД қызметкерлеріне психологиялық қолдау көрсету

Алматы облысы ТЖД психология қызметі мен "Алматы облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ" РММ психологтары бірлесіп Балхаш ауданы ТЖБ және  №10 ӨСБ жеке құрамымен  психологиялық кешенді жұмыстар ұйымдастырылып, сондай-ақ, Балхаш ауданы Жиделі ауылы округінде орын алған өрт сөндіруге қатысқан қызметкерлерімен дебрифинг, психологиялық сергіту  т.б. жұмыстар жүргізілді.

 Жеке құрам арасында ұйымшылдықты арттыру мен түрлі тәуелділікке (маскүнемдік,  нашақорлық, лудомания, радикалды теріс ұйымдарға)бой алдырмау  мақсатында кеңестер беріліп, «,Бірлігі жарасқан ұжым» тақырыбында тренинг өтті.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі