2024 жылдың 10 маусым күні Алматы облысы ТЖД жеке құрамы Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры Ерсін Еділханұлы Жагипаровты зейнет демалысына шығарып салды.
Ерсін Еділханұлы Жагипаров азаматтық қорғау органдарында 2007 жылдың қазан айынан бастап әртүрлі лауазымдарда қызмет еткен.
Жеке құрам Ерсін Еділханұлын жас ұрпаққа үлгі болған білікті маман, еңбекқор қызметкер ретінде біледі.
Департамент басшылығы мен әріптестері оған азаматтық қорғау органдарындағы мінсіз қызметі үшін алғыс айтып, денсаулық пен отбасына амандық тілеп, оны зейнет демалысына шығуымен құттықтады!
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі