
Бүгінгі таңда Алматы облысының аумағында 57 селеу қаупі бар учаскелер мен 285 мореналық (мұздық) көлдер бар. Ең қауіпті өзендер "Іле-Алатау" жотасының таулы жерінде орналасқан – Баянкөл, Текес, Қарқара, Шелек, Түрген, Есік, Қайназар, Талғар, Ақсай, Қаскелең, Ұзынқарғалы.
04.06.2024 жылы жүргізілген соңғы аэровизуалды зерттеу нәтижелері бойынша қар сызығы 2700-ден 3000 метрге дейінгі биіктікте орналасқандығы анықталды, мұздықтардың қазіргі мореналары біртіндеп қар жамылғысынан босатылады. Барлық мореналық көлдер қысқы режимде, мұз бен қармен жабылған, көлдерден жер үсті ағыны байқалмайды.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті "Қазселденқорғау" ММ мореналық көлдерде алдын алу жұмыстары жүргізу мақсатында және селді ұстап тұратын бөгетті ағымдағы жөндеу үшін Алматы облысының әкімдігіне бюджеттік өтінім берді. Нәтижесінде жергілікті бюджеттен Алматы облысының әкімінің шешімімен қаражат бөлінді.
Ағымдағы жылдың 10 шілдесінен бастап "Қазселденқорғау" ММ
4 мореналық көлде босату және 3 селді ұстап тұрған бөгеттерді жөндеу бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер жүргізілуде.
Сондай-ақ, облысты дамыту жоспары аясында Райымбек ауданының әкімдігі ағымдағы жылы 2 селеу қаупі бар өзендерді түзету және жағалауды нығайту жұмыстарын жоспарлады. Осы алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін қаражат бөлінді.
Тұрғындар арасында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Қазселденқорғау және аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мамандарымен бірлесіп профилактикалық жұмыс ұйымдастырылды, оның шеңберінде 32 жерүсті және 1 аэровизуалды тексеру жүргізілді, кәсіпорындардың, ұйымдардың, жеке үйлердің иелеріне 172 хабарламалар мен ұсынымдар берілді, 342 брошюралар мен жадынамалар таратылды. Ықтимал қауіпті учаскелерде 16 ескерту қалқаны орнатылған. Бұл бағыттағы жұмыс 2024 жылдың селе қаупі бар кезеңі аяқталғанға дейін жалғасатын болады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі