Алматы облысы ТЖД қызметкерлері суға шомылу кезеңінің басынан бері адамдардың өз күштерін жете бағаламауы, мас күйінде суға шомылуы салдарынан, суға батушыны құтқару, ересектердің балаларды қарауынсыз қалдыруы және арнайы жабдықталмаған жерлерде шомылу кезінде Алматы облысының су айдындарында 8 адам, оның ішінде 4 бала суға кетті. Құтқарушылар 19 адамды құтқарды.
3 шілде күні Еңбекшіқазақ ауданында, Үлкен Алматы каналында (БАК) достарымен демалыста болған 2005 жылы туған бозбала суға батып кетті. Жас жігіттің мәйітін құтқарушылар екі тәулік бойы іздеді. Осы орайда БАК-тың суға шомылуға арналмағандығын естеріңізге саламыз.
5 шілде күні Жамбыл ауданы Үмбетәлі ауылының маңындағы "Заготскот-2" тоғанынан құтқарушылар 2010 жылы туған қыздың мәйітін тауып, судан алып шықты. Қыздың өзімен бірге суға кеткен 2008 жылы туған үлкен әпкесін оқиға куәгерлері құтқарып қалды. Сол күні Қапшағай су қоймасының оңтүстік-батыс жағалауында достарымен демалу кезінде жабдықталмаған жерде 1989 жылы туған ер адам суға батып кетті.
Адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті облыстың Полиция департаментімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ұйымдастыру және практикалық іс-шаралар кешенін өткізуде. Демалушы тұрғындар арасында 15 мыңға жуық үгіт-насихат өнімдері таратылды, теледидар мен радиохабар тарату арқылы сөз сөйлеу, баспасөз басылымдарында және интернет ресурстарда судағы қауіпсіздік ережелері жарияланады, брифингтер мен түрлі акциялар өткізіледі.
Алматы облысы ТЖД судағы қауіпсіздік ережелері тағы да естеріңізге салады:
- арнайы рұқсаты және құтқару қызметі бар жабдықталған жағажайларда және басқа да шомылуға арналған орындарда ғана шомылыңыз;
- жүзе білмей, белден жоғары суға кірмеңіз;
- суға шомылу кезінде бір-бірлеріңізді көзден таса қылмаңыздар;
- жағалаудан алысқа қалтқылар мен қоршау белгілерінің ары жүзбеңіз;
- жүзе білмесеңіз, жүзу үшін шеңберді, үрлемелі матрастарды пайдаланбаңыз;
- қайықтан, көпірден және айлақтардан суға секірмеңіз;
- тым ұзақ шомылмаңыз, қатты тоңып қалуыңыз және шаршауыңыз мүмкін;
- түнгі уақытта және мас күйде шомылмаңыз;
- балаларды бір минутқа да қараусыз қалдырмаңыз.
Осы ережелерді сақтау Сізге және Сіздің балаларыңызға судағы қайғылы жағдайлардан аулақ болуға көмектеседі!
Құтқару қызметінің бірыңғай телефон нөмірі – «112».
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі