Облыстық сейсмикалық жаттығулар өткізілді

Облыстық сейсмикалық жаттығулар өткізілді

2024 жылғы 03-04 маусымда Алматы облысының аумағында "Жер-2024"Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді. Осы оқу-жаттығу аясында облыс аумағында облыстық сейсмикалық жаттығулар ұйымдастырылды, сейсмикалық жаттығулардың негізгі мақсаты Алматы облысының халқының төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттерге дайындық деңгейін арттыру болды, осылайша тұрғындар эвакуация маршруттарын, қауіпсіз орындарды алдын ала анықтап, дабыл чемодандарды дайындады. Халықты хабардар ету үшін сиреналар мен қондырғылар іске қосылды, сондай-ақ сейсможаттығу облыстың барлығы 9 оқу орнындарында өтті: 

- "Фудмастер" ЖШС өнеркәсіптік объектісінде жер сілкінісі кезіндегі персоналдың іс-қимылы пысықталды.

- Облыстың барлық мектептерінде зардап шеккен халықты қабылдау пункттері, Еңбекшіқазақ ауданының, Есік қаласында, Іле ауданының Өтеген Батыр ауылында, Талғар ауданының Бесағаш ауылында, Қарасай ауданының Іргелі ауылдық округінде және Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында  шатырлы лагерь мен далалық ас үй, сондай-ақ медициналық көмек көрсету үшін медициналық госпиталь орнатылды.

- ⁠Талғар ауданының "Аспансити", Қарасай ауданының "Асыл Арман", Іле ауданының "Элит" көпқабатты тұрғын үйінде өртті сөндіру бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ жоғары қабаттан зардап шеккендерді құтқару тәсілдері пысықталды.

- Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсететін қаланың әлеуметтік нысандарының базаларында ТЖД жеке құрамын және Ұзынағаш ауылының 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілерін жұмылдыра отырып, ерекше адамдарды қауіпсіз орындарға эвакуациялау бойынша іс-шаралар пысықталды.

Айта кету керек, барлық мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында, ауруханаларда, емханалар мен үйлерде, жалпы 359 нысанда сейсмикалық жаттығулар өткізілді, оның ішінде: білім беру нысандарында - 287, Денсаулық сақтау нысандарында - 24, Мемлекеттік нысандарда - 48).

Жалпы, Алматы облысының сейсмоқауіптілігін ескере отырып, облыс тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға және "жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым ереже мен қадамды"есте сақтауға шақырамыз.

Бұл оқу-жаттығулар халықты жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерге үйретуге бағытталған. Мұндай оқу-жаттығулар тұрақты негізде өткізілетін болады, осыған байланысты Алматы облысының ТЖД сізден одан әрі жаттығуларға белсенді қатысуды және дағдыларды жетілдіруді сұрайды.

Жалпы облыстық сейсмикалық тексеруге жеке құрамның 600-ден астам қызметкері және азаматтық қорғау қызметінің 121 техникасы мен "Қызыл Жарты Ай" ҚБ мамандары, Ұзынағаш ауылының 28237 әскери бөлімінің және ҚР Ұлттық ұланының 6654 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, сондай-ақ 16000-ға жуық халық қатысты.

Азаматтық қорғаныс басқармасы