
Таулы және орман өрттерін сөндіруде мүдделі органдар мен ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында, Талғар ауданы ТЖБ және Талғар қ. 2-МӨСБ қызметкерлерімен Іле Алатау мемлекеттік табиғи паркінің және Алматы қорығы қызметкерлерінің, жергілікті атқарушы органдардың, полиция органдарының, Лидер.kz волонтерлердің, жедел медициналық жәрдем, Қазақтелеком қызметкерлерінің қатысуымен, Талғар ауданының Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орман алқабындағы өртті жою бойынша мүдделі органдар жұмылдыруымен "Өрт-2024" РКШЖ және оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығуға 16 бірлік техника мен 120 адам жұмылдырылды. Оқу-жаттығу барысында шартты өртті сөндіруге тартылған барлық күштер мен құралдарды жауынгерлік орналастыру пысықталды, шартты өртті сумен және мотопомпалармен, рюкзакты өрт сөндіргіштердің көмегімен, өрт сөндіру құрамдарымен, жалынды шапалақпен қағу, топырақпен себу, минералданған жолақтар төсеу тәсілдері өткізілді. Сонымен қатар, ат патрулі болды. Шартты өртті сөндіру кезіндегі өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес тау орманындағы өртті сөндіру бойынша іс-қимылдар мен алгоритмдер пысықталды, от тұзағында қалған адамды құтқару және эвакуациялау пысықталды, сондай-ақ запдап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілі жасалды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі