Күндіз 6 шілдеде Алматы облысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр күтілуде. Кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соққан желдін екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Азаматтарды ауа-райының өзгеруін бақылап, барынша мұқият болуларыңызды және тауға барудан бас тартуды сұраймыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі