Алматы облысында "Суға шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу" тақырыбында брифинг өтті

Алматы облысында "Суға шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу" тақырыбында брифинг өтті

2020 жылдың 3 шілдесінде "Алматы облысының орталық коммуникациялар қызметі" филиалында брифинг өткізілді. Брифингтің негізгі мақсаты суға шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік бойынша Алматы облысында өткізілген профилактикалық жұмыстар туралы халықты хабардар ету болып табылады.

Брифингке республикалық және облыстық телеарналардың, сондай-ақ басқа да бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Спикер ретінде Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Асқар Тасболатұлы Тойшыбеков сөз сөйледі.

Брифинг барысында Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары Асқар Тасболатұлы Тойшыбеков облыс аумағында жүргізіліп жатқан жұмыстарды айтып, БАҚ өкілдерінің назарына жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қорғау қызметтері мен облыстың ТЖ Департаменті суға шомылу маусымы кезіндегі жазатайым оқиғалардың болдырмау және олардың алдын алу бойынша қабылдаған шаралары мен азаматтардың судағы қауіпсіздік ережелерін жеткізді.: "Суға шомылу маусымы кезінде облыстың Төтенше жағдайлар департаменті тұрақты түрде полиграфиялық өнімдерді тарату және су айдындарындағы қауіпсіздік тақырыбы бойынша түрлі бейнесюжеттерді көрсету арқылы профилактикалық жұмыстар жүргізеді, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері патрульдеу, әңгімелесулер рейдтерін, балаларды жүзу дағдыларына, алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету элементтеріне және басқа да профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырады. Сонымен қатар ТЖД құтқарушыларымен 60 қоғамдық құтқарушы оқытылды, олар қазірдің өзінде қоғамдық жағажайлар мен жеке демалыс аймақтарында жұмыс істейді. Қазіргі таңда шомылу маусымы басталғаннан бері ТЖД аппаратының, аудандық және қалалық ТЖ бөлімдерінің, жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшелерінің және Алматы облысы ТЖД Өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері полиция қызметкерлерімен және еріктілермен бірлесіп 445 патрульдеу және рейдтер жүргізді, әлеуметтік желілер мен месенджерлерде (Whatsapppp, Facebook, Instagram және т. б.) алдын алу сипатындағы ақпарат таратылып, 520 бейнероликтер мен сөз сөйлеулер таратылды. Патрульдеу және рейдтер барысында 7943 дана үгіт материалдары (плакаттар, буклеттер және үнпарақтар) таратылды. 655 тыйым салу белгілері орнатылды. БАҚ 137 сөз сөйлеу жарияланды (телеарнада -61, баспасөзде -70). Өткен аптада (22.06.бастап 29.06 дейін.) ТЖД қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірлесіп 112 рейдтік іс - шаралар өткізді, 950 дана жадынамалар мен брошюралар таратылды, құтқарушылар 2 адамды құтқарды. Жыл басынан бері ТЖД қызметкерлері суда 19 адамды құтқарды", - деді А.Тойшыбеков.

Сондай-ақ, ол брифинг барысында полиграфия мен телевизиялық бағдарламаларға қандай қаражат бөлінетіндігі, сондай-ақ арнайы жабдықтар сатып алу туралы айтылды: "Үстіміздегі жылы облыс әкімдігінің қолдауымен жергілікті бюджет есебінен полиграфиялық өнімдерді (брошюралар, плакаттар, парақшалар және т.б.) сатып алуға 14 миллион 670 теңге, сондай-ақ айына 2 рет көрсетілетін телевизиялық бағдарламаларды дайындауға және таратуға 15 миллион 480 теңге бөлінді. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен ауа жастығы бар кемені сатып алуға 75 млн.теңге, сондай - ақ су асты іздестіру жұмыстарын жүргізуге арналған заманауи эхолот сатып алуға 3,5 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінді" - деп атап өтті А. Тойчубеков.

Брифинг соңында ол судағы қауіпсіздік ережелерін айтты, атап айтқанда:

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі