
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Қонаев қаласының прокуратурасы және Балқаш-Алакөл балық инспекциясы, аңшы қызметі және Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағының өкілдерімен бірлесіп Қапшағай су қоймасының акваториясында профилактикалық рейдтік іс-шаралар өткізді.
Іс-шаралардың негізгі мақсаты азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелері туралы ақпараттандыру және уылдырық шашу кезеңінде су қоймасы суларында және Іле өзенінде шағын көлемді кемелерді пайдаланудың жолын кесу болды. Рейдтер барысында шағын көлемді кемені пайдалану кезінде балық аулау ережелерін бұзған азамат анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұзушылық Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383-бабы бойынша тіркелді (2-тараудың 10-тармағының 20-тармақшасы).
Қапшағай су қоймасының жағажайларында 80-ге жуық демалушы болды, оларға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, үгіт материалдары таратылды.
Алматы облысы ТЖД қызметкерлері азаматтарды белгіленген ережелерді қатаң сақтауға, табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі