
28 наурыз 2024 жылы Кеген ауданы төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері, аудан әкімі, аудандық мәслихат депутаттары және аудандық прокуратура қызметкері су басу қаупі бар аймаққа арнайы іс-сапармен барды Комиссия мүшелері Кеген ауданы Бөлексаз, Шырғанақ ауылдық округтерінде су басу қауіпі бар жерлерге комиссиялық тексеру жұмыстарын жүргізіп қайтты. Тексеріс нәтижесі бойынша Бөлексаз, Шырғанақ ауылдық округінің әкімдеріне су басу қаупін алдын алу бойынша бірқатар тапсырмаларды жүктеді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі