2024 жылғы 30 наурызда сағат 15:50-де Іле ауданы Байкент ауылында Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылды. Жарылған бөгеттің ені шамамен 4-5 метрді құрайды. Су Жармұхамет өзенінің негізгі арнасы бойынша ағып, одан әрі Амангелді 1 және Амангелді 2 тоғандарына құяды, онда барлық шлюздер ашық, су транзиттік режимде өтеді, одан әрі су Қаскелең өзеніне және одан әрі Қапшағай су қоймасына құяды.
ТЖД, ПД, ЖАО қызметкерлері жақын маңдағы ауылдарда аулаларды аралап, халықты хабардар етті. Ауланы аралау нәтижесінде үйлерді су басу жағдайлары тіркелген жоқ. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Дағдарыстық жағдай туындаған жағдайда эвакуация Қараой ауылы № 49 ОМ және № 18 ОМ жүзеге асырылатын болады. Ол жерде 250 орын дайындалды, эвакуациялау үшін 2 бірлік автобус техникасы, 7 вахтовка дайындалды.
Жайнақ ауылы-Байсейіт ауылы, Қарой ауылы мен Н.Тілендиев автожолында облыстық маңызы бар көпір өткелдерінде су деңгейін мониторингілеу және автокөлік құралдарын өткізу үшін ЖПҚ бекеттері қойылды. Тартылған күштер мен құралдармен 250 тонна инертті материал және 3000 қапшықтарды жағаны нығайту және төсеу жұмыстары жүргізілуде. Инженерлік техникамен бөгет саңылауын бетон конструкцияларымен және топырақпен жабу жұмыстары жүргізілуде. ТЖ жоюға Алматы облысы ТЖД, ЖАО, ПД, 28237 ш/б, шекара. Академия 2466 Қараой, РОСО, РЭҚ және Газ қызметінен барлығы 300-ге жуық қызметкер және 70-ке жуық техника жұмылдырылды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі