
2024 жылдың 19 наурызында сағат 14:17-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының Көксай саяжай округінде жалпы ауданы 152 шаршы метр аумақта жеке тұрғын үйдің аумағындағы дүкеннің шатырына көшумен жеке тұрғын үйдің шатыры жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу жіберілді. Ең жақын өрт сөндіру бөлімінен қашықтық 3 шақырымды құрайды. Қабылданған шаралармен өрт сағат 14:30-да оқшауланып, сағат 15:03-те сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 5 қызметкері мен 2 техника жұмылдырылды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі