Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы жұмыс сапарымен Алматы облысы ТЖД-да болды

Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы жұмыс сапарымен Алматы облысы ТЖД-да болды

2024 жылғы 13-14 наурызда ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Камалов Рамиль Алматы облысындағы жұмыс сапары барысында өңірдің құтқару бөлімшелерінің қызметі және тұрмыс жағдайымен танысты.

Жұмыс сапары аясында ол өрт сөндіру бөлімдеріне барып, Алматы облысы ТЖД жеке құрамының еңбек жағдайымен танысты. Төрағаға материалдық-техникалық базаның әртүрлі деңгейдегі өрттерге дайындығы және өрт сөндіру бөлімдерінің жай-күйі, өрт сөндіруші-құтқарушылар қызметінің жағдайы және олардың дайындық деңгейі көрсетілді.

Кездесу қорытындысы бойынша өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы өңірдің және оның азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базаны жақсарту бойынша одан әрі жұмыс істеу үшін нақты тапсырмалар берді.

Алматы облысының баспасөз қызметі