Құтқарушылар "Алматы-Бішкек" Республикалық маңызы бар автотрассасында тұрып қалған көлікті эвакуациялады

Құтқарушылар "Алматы-Бішкек" Республикалық маңызы бар автотрассасында тұрып қалған көлікті эвакуациялады

2024 жылғы 10 наурызда сағат 19-50 – де Алматы облысы ТЖД Жамбыл ауданына жол жамылғысының нашарлығы (шұңқырлар, асфальттың болмауы және көптеген айналма учаскелер) салдарынан "Алматы-Бішкек" Республикалық маңызы бар автотрассасында 30 шақырымдық кептеліс пайда болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жүргізушілер осы учаскені негізгі тас жолға жақын (параллель) өтетін дала жолымен айналып өтуге тырысып, балшыққа тіреліа қалдықалды (5 автокөлік). Оқиға орнына ТЖ департаментінің 2 қызметкері мен техника, жергілікті атқарушы органдардың 2 қызметкері мен техникасы барды. Бұл жерде полиция департаментінің қызметкерлері мен "ҚазАвтоЖол" филиалының қызметкерлері де жұмыс істеді.
ҚазАвтоЖол филиалының құтқарушылары мен қызметкерлерінің күшімен 2024 жылғы 11 наурызда сағат 02-55-те 3 адаммен (2 ересек және 1 бала) көлік эвакуацияланды. Қазіргі уақытта автожолда кептеліс жоқ, автокөлік құралдарының өтуі штаттық режимде жүзеге асырылады.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі