Алматы облысының ТЖД-да Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді

Алматы облысының ТЖД-да Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді

8 наурыз - Әйелдердің адалдығын, сүйіспеншілігін, отбасылық құндылықтарға адалдығын құрметтеу, біздің нәзік әлемімізді жойылудан құтқаратын Сұлулық мұраттарына жанқиярлықпен қарау мерекесі.

Ерлер қауымы осы көктемгі мерекені асыға күтеді. Шын мәнінде, 8 Наурыз — әрбір нағыз ер адам үшін өзінің ең шынайы және нәзік қасиеттерін көрсетуге тамаша мүмкіндіктердің бірі.

2023 жылғы 7 наурыз күні Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінде 8 Наурыз мерекесіне орай салтанатты іс-шара өткізілді.

Алматы облысы ТЖД бастығы Асқар Тасболатұлы Тойшыбеков ұжымның әйелдер жартысын айтулы мерекемен құттықтап, еңбек қызметінде ерекше көзге түскен қызметкерлерге Төтенше жағдайлар министрінің грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті.

Қызметтік міндеттерін адал атқарып, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін ҚР ТЖ Министрінің 2024 жылғы 4 наурыздағы №96 бұйрығына сәйкес «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісімен Штаб бас маманы а.қ. майоры Айғаным Мүсекенова, ҚР ТЖ министрінің Алғыс хатымен Қаржы және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ляззат Бекбосынова, Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері подполковник Юлия Тохтасынова мен «Жедел-құтқару жасағы» РММ-нің кадр жұмысы тобының бас маманы Аида Акжалбекова марапатталды.

Бұдан әрі 8 наурыз мерекесінде Алматы облысы ТЖД жеке құрамымен гүлдер мен сыйлықтар табыстаумен құттықтау бағдарламасы ұйымдастырылды.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі