Алматы облысы ТЖД құтқарушылары бөлінген мұз айдынында қалған 3 азаматты құтқарды

Алматы облысы ТЖД құтқарушылары бөлінген мұз айдынында қалған 3 азаматты құтқарды

2024 жылғы 28 ақпанда сағат 13:03-те Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Қонаев қаласында 5-ші сорғы станциясы ауданында бөлінген мұз айдынында 3 адам қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Бұл жерге дереу Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жіберілді. 15 сағат 10 минутта Қонаев қаласының Жедел-құтқару жасағының күшімен балық аулауға келген 1989, 1992 және 1976 жылы туған үш азамат құтқарылып, жағаға жеткізілді. Медициналық көмек қажет емес.

Қалыптасқан тұрақсыз ауа-райына және желдің күшеюіне байланысты, сондай-ақ жұқа мұзда жазатайым оқиғалар мен адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті барлық азаматтардан су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды және жұқа мұзға шығудан бас тартуды сұрайды!

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі