Алматы облысында іздестіру-құтқару жұмыстары

Алматы облысында іздестіру-құтқару жұмыстары

2024 жылғы 28 ақпанда сағат 06:40-та Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Қонаев қаласында «Голубой залив» демалыс аймағы ауданында балық аулауға келген азамат, палаткадан шығып, жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Алматы облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының күштерімен іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ іздестіруге полиция басқармасының қызметкерлері жұмылдырылып, пилотсыз ұшу аппараты пайдаланылды.

Сағат 9:10-да жоғалған азаматтың өзі байланысқа шығып, үйге өз бетінше қайтып, сол жерде болғанын хабарлады. Медициналық көмек қажет емес.

Қалыптасқан тұрақсыз ауа-райына және желдің күшеюіне байланысты, сондай-ақ жұқа мұзда жазатайым оқиғалар мен адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті барлық азаматтардан су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды және жұқа мұзға шығудан бас тартуды сұрайды!

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі