Алматы облысында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен кеңес өткізілді

Алматы облысында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен кеңес өткізілді

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Алматы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен, облыстың орман мекемелері мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басшыларымен бірлескен кеңеске қатысты. Кеңесте 2024 жылғы өрт қауіпті кезеңнен өтуге дайындық мәселелері қаралды. Атап айтқанда, орман шаруашылығы мекемелері мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды материалдық-техникалық жарақтандыруға бірлескен тексеру жүргізу, орман қоры аумағында өрт қауіптілігі жоғары класс кезеңдерінде рейдтік іс-шаралар өткізу, сондай-ақ табиғи өрттер туындаған кезде өзара іс-қимыл жасау тәртібі туралы мәселелер талқыланды.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі