
2024 жылғы 26 ақпан күні Кеген ауданы Қарқара ауылдық округінде сел және су тасқыны қаупін алдын алу мақсатында арықтар мен көпірлер тазартылды.
Жалпы ауылдық округтегі 2 көпір мен оның жан-жақтары, 500 метр су жүретін арық, 1500 метр арық жүйесі және 7 су өткізгіш көпірлер мұз бен қоқыстан тазартылды.
Алдағы уақытта бұл жұмыс облыстың барлық аумағында жалғасын табады.
Алматы облысы баспасөз қызметі