Алматы облысы ТЖД қызметкерлерімен үш ер адам эвакуацияланды

Алматы облысы ТЖД қызметкерлерімен үш ер адам эвакуацияланды

2024 жылғы 26 ақпанда 04 сағат 37 минутта Алматы облысы ТЖД Жамбыл ауданының Тарғап ауылынан 13 шақырым далада, жүк және жеңіл автокөліктерде адамдар тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына дереу ТЖ департаментінің қызметкерлері жіберілді. Қоңырау шалу орнына дейінгі қашықтық-58 километр.
06 сағат 30 минутта ТЖ департаментінің күшімен 1972 , 1977 және 1975 жылы туған 3 ер адамдарды эвакуациялау жүргізіліп Тарғап ауылына аман-есен жеткізілген.
Медициналық көмек қажет емес.
Ер адамдар құтқарушыларға құтқарғаны үшін үлкен алғыстарын білдірді.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі