Талғар ауданы Гүлдала ауылындағы жеке тұрғын үйдегі өрт сөндірілді

Талғар ауданы Гүлдала ауылындағы жеке тұрғын үйдегі өрт сөндірілді

2024 жылғы 22 ақпанда сағат 15:22-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданының Гүлдала ауылында 138 ш.м. жалпы алаңда жеке тұрғын үйдің шатыры және бір бөлмесінің жануы, содан кейін 30 ш. м алаңда төбе жабынының құлауы орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына дереу Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жіберілді. Ең жақын өрт сөндіру бөлімінен қашықтық - 25 шақырым, облыс орталығынан қашықтық - 69 шақырымды құрайды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт сағат 16:13-те оқшауланып, сағат 17:25-те жойылды. Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы мен анықтау бөлімінің қызметкерлері жолданды. Өрттің салдарынан 1981 жылы туған ер адам 90% дене күйігімен ауруханаға жатқызылды, жағдайы ауыр.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 7 қызметкері мен 2 техника жұмылдырылды.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі