Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облыстық Білім басқармасымен бірлесіп, жалпы облыстық сейсмикалық жаттығуларды өткізуге дайындық аясында Алматы облыстық білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар орталығының базасында барлық деңгейдегі білім беру объектілерінің бірінші басшыларымен және директорларымен кеңес өткізді.
Кеңес барысында Департамент қызметкерлері жер сілкінісі кезінде сейсмикалық жаттығулар өткізудің мақсаттары мен білім беру объектілерінің бірінші басшыларының, оқытушылар құрамымен оқушылардың іс-қимыл тәртібін түсіндірді.
Бұл іс-шара барлық деңгейдегі білім беру объектілерінің лауазымды тұлғаларын кәсіби даярлауды дамыту және азаматтық қорғау саласындағы зияткерлік әлеуетін арттыру мақсатында өткізілді, бұл өз кезегінде балаларды төтенше жағдайлар кезіндегі, оның ішінде жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл дағдыларына, өзін-өзі құтқарудың және өзара көмектің негізгі әдістері мен тәсілдерін оқытуда оң әсер етеді, яғни ерте жастан бастап «Қауіпсіздік мәдениетін» қалыптастыруға ықпал етеді.