Өңірлік коммуникация қызметінің ақпараттық алаңында «Су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық» тақырыбында брифинг өтті

Өңірлік коммуникация қызметінің ақпараттық алаңында «Су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық» тақырыбында брифинг өтті

Өңірлік коммуникация қызметінің ақпараттық алаңында «Су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық» тақырыбында брифинг өтті. Брифингте Алматы облысы ТЖД төтенше жағдайларды алдын алу басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Дәурен Азаматов сөз сөйледі. Брифинг барысында су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық мәселелері айтылып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің барлық сұрақтарына жауаптар берілді.

         «БАБИ»-ның күнделікті мәліметтеріне сәйкес облыстың «Қапшағай», «Күрті», «Бартоғай» және «Бестөбе» сияқты ірі су қоймаларын толтыру штаттық режимде жүргізілуде, бүгінгі күні толтырылу көрсеткіштері 30%-дан 93%-ға дейін (Бестөбе-30%, Күрті-45%, Бартоғай-71%, Қапшағай-93%).

2024 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі 2024 жылғы 30 қаңтарда Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысында қаралды, тиісті су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін облыс әкімінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы №18 «2024 жылы халықты, шаруашылық объектілерін және олардың ықтимал залалын азайту мақсатында ықтимал қар көшкіндеріне, су тасқынына, сел тасқынына дайындық туралы және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қаулысы шығарылды, сондай-ақ шеңберінде су тасқынына қарсы негізгі іс-шаралар өткізіліп жатқан «2024 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі іс-шаралар жоспары» мен «Алматы облысының аумағында 2024 жылғы су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық жөніндегі айлықты өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілді,- деді спикер.

         Брифинг соңында спикер азаматтарды су тасқыны қаупі бар кезеңде барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауға және дауылды ескертулерді бейжай қалжырмауға шақырды.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі