
15-17 ақпан аралығында Астана қаласында өткен гір көтеру спортынан ересектер арасында Қазақстан Республиксының чемпионаты өтті, аталған жарыста Кеген ауданыны Төтенше жағдай бөлімінде өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының 4 курс курсанты Қадыр Даурен 70 кг салмақ дәрежесінде 1-орынға ие болып Тайваньда болатын Азия чемпионатына жолдама алды.
Дауренді ,Алматы облысы Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері жеңісімен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта болатын Азия чемпионатында еліміздің абыройын асқақтатып, көк туын желбіретеді деп сенеміз!
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі