Алматы облысының Кеген ауданында 18 адам қар құрсауынан құтқарылды

Алматы облысының Кеген ауданында 18 адам қар құрсауынан құтқарылды

2024 жылғы 17 ақпанда сағат 01:40-та Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Райымбек ауданының «Қарасай-Жайлау» демалыс аймағының жанында 5 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып, көлік ішіндегі 18 адамды эвакуациялау қажеттігі туралы хабарлама келіп түсті.

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері оқиға орнына дереу барды. Шақыру орнына дейінгі қашықтық 40 км. Келген бойда 18 ересек адам жолдама бойынша демалыс аймағына демалысқа бара жатып, қар құрсауында қалып қойғаны анықталды. Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдары қызметкерлерінің күштері жолды тазартып, 5 автокөлік қар құрсауынан шығарылды. Медициналық көмек қажет емес.

Алматы облысының ТЖД тұрғындардан қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды. Дауыл туралы ескертулер туралы қысқа SMS-хабарламалар алған жағдайда, үйден шықпауға тырысыңыз, дайындықсыз алыс жолға шықпаңыз. Көлігіңіз үшін қысқы дизельді пайдаланыңыз. Бұл сіздің өміріңізді сақтап қалуы мүмкін!

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі