Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Ауған соғысының ардагерлерін құттықтады

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Ауған соғысының ардагерлерін құттықтады

2024 жылғы 13 ақпанда Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті және «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» РММ кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстаннан шығарудың 35 жылдығына орай аудандық бөлімшелер мен өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамын Ауған соғысы ардагерлерімен кездесулері ұйымдастырылды.

Департамент қызметкерлері 2007 жылы Жамбыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы лауазымынан өртке қарсы қызмет подполковнигі шенімен зейнет демалысына шыққан Ауған соғысының ардагері Төлеуов Тынысбек Төлеуұлын, сондай – ақ 2006 жылы Талғар ауданының өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіру автомобильдерін жүргізу бойынша аға нұсқаушы-жүргізуші лауазымынан өртке қарсы қызмет старшинасы шенімен зейнет демалысына шыққан Ауған соғысының ардагері Иманбеков Ғани Төкенұлын мерекемен құттықтады.

Ардагерлерге Қазақстандық төтенше жағдайлар органдары ардагерлері ұйымының «Ардагер» төсбелгілері және Департамент бастығының алғыс хаттары табыс етілді.

Құрметті ардагерлер, біз Сіздерге бейбіт аспан, балаларымыздың бақытты жүздері, ерлік пен батылдық үшін алғыс айтамыз. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, ырыс пен ынтымақ тілейміз! Сіздердің өмірлеріңіз жақындарыңыздың қамқорлығы мен сүйіспеншілігіне толы болсын!

                                                                                                                           Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі