
Ағымдағы жылдың қаңтар айының 26-31 қаңтары күндері Алматы облысы Төтенше жағдайлар департементі қарамағындағы жеке құрам арасында «Мен саған сенемін» тақырыбында тренинг өтті.
Тренинг мақсаты, ұжым арасында бір-біріне сену, стресстен арылу, логикалық ойлау қабілетін арттыру, эмоционалды қажудан шығу, өмірде кездесетін қиын сәттерден дұрыс шешім қабылдап, өзіндік «Мен» концепциясын қалыптастыру.
Іс-шара барысында қызметкерлер арасында, психологиялық сауалнама, арттерапия әдісі мен өмірлік құндылықтарды анықтауға арналған психологиялық түрлі техникалар, тән терапиясы, би терапиясы және логикалық ойындар өтті. Тренинг соңында «Мен саған сенемін!»-деген сөз тіркесін қолдана отырып қызметкерлер бір-біріне не себептен сенетіні туралы ойларын білдірді.
Тренинг барысында қызметкерлер белсенді қатысып, алған әсерлері туралы жағымды ойлармен бөлісті.
Іс-шараның мақсаты орындалды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі