Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Алматы облысы ПД табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерімен, бірлесіп бекітілген «2023-2024 жылдың күзгі және қысқы балық аулау кезеңінде облыстың негізгі су айдындарында рейдтік іс-шаралар өткізу кестесіне» сәйкес Қапшағай су қоймасының акваториясында рейдтік іс-шаралар өткізді.
Жүргізілетін рейдтік іс-шаралар барысында, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамағаны құқық бұзушыларды ҚР ӘҚБК-нің 412-бабы бойынша хаттама толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартады.
Бұл іс-шаралар балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы қағидаларды халыққа жеткізу мақсатында тұрақты негізде жүргізіледі.
Сонымен қатар, Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті барлық азаматтардан қалыптасқан тұрақсыз ауа райына байланысты жұқа мұзда жазатайым оқиғалардың болдырмау үшін және адам өлімінің алдын алу мақсатында, су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауды және жұқа мұзға шықпауды сұрайды!