Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру, басқару органдарының, күштер мен құралдарды алдағы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындау мақсатында ағымдағы жылдың 8-9 ақпан күндері аралығында, Алматы облысының аумағындағы аудандар мен қалаларда «Көктем-2024» Республикалық командалық–штабтық оқу-жаттығуы өткізілу жоспарлануда.
Оқу-жаттығудың практикалық бөлігі шеңберінде көктемгі су тасқынына байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу бойынш су тасқынына қауіпті анықталған учаскелерде арықтар мен каналдарды қазу, кеңейту, тереңдету, бекіту, қоқыстар мен қарлы-мұздардан тазалау, сонымен қатар жол асты көпірлер мен су өткел құбырларын тазалау жұмыстары жүргізілетін болады. Осы оқу жаттығуға Облыстық азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылатын болады.
06.02.2024 жылы Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында, Облыстық азаматтық қорғау қызметтерінің басшыларына, оқу жаттығудың мақсаты мен тіртібі және іс-әрекеттін түсіндіру бойынша жиын өткізілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі