Ашық есік күні

Ашық есік күні

Жамбыл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі мен №4 өрт сөндіру бөлімі бірлесіп ағымды жылдың 5 ақпан күні Мыңбаев орта мектепбінің оқушылары арасында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Кездесу барысында азаматтық қорғау қызметінің құрылуы сонымен қатар Мәләік Ғабдулин атындағы азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу шарттары мен оқу тәртібі туралы айтылды.

Оқушылар ашық есік күнінде өрт сөндірушілердің төтенше жағдай орын ала қалған жағдайда қандай әрекеттер атқаратындығына, жауынгерлік киімді қалайша жедел киюге болатындығы жөнінде және оқиға орнына шұғыл аттану жағдайлары қалай іске асырылатындығына, азаматтарға көмек қолын созу барысында қандай тәсілдер қолданатындығы жөнінде мол мағлұмат алды.

Сондай-ақ лаулап тұрған өртті ауыздықтандыратын құрал жабдықтарды тамашалап,бөлімнің күнделікті кун тәртібімен танысты. Бұл кездесудің басты мақсаты төтенше жағдай кезінде мектеп оқушыларының қауіпсіз өмір сүру дағдысын дамыту және алған білімдерін тәжірибе ретінде пайдалану.Экскурсия соңында оқушыларға өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері туралы жаднама парақтары таратылды.

 

 

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі