Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссияның 2024 жылғы 30 қаңтардағы Алматы облысы әкімінің орынбасары Н.К. Кудайбергеновтың төрағалығымен комиссия отырысы өтті.
Отырыста жеті мәселе қаралды:
- Алматы облысының аудандары мен қалаларының аумағында су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және қауіпсіз өткізу туралы.
- Азаматтық қорғаныс объектілері мен мүліктеріне 2024 жылғы түгендеу жүргізуін ұйымдастыру туралы.
- Алматы облысы бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның 2023 жылғы жұмысының қорытындылары және 2024 жылға арналған негізгі міндеттері туралы.
- «DARMEN» мобильдік қосымшасын таныстыру (жоспардан тыс).
- «Көктем-2024» Республикалық командалық штабтық жаттығу өткізу бойынша (жоспардан тыс).
- Жер селкінісі кезіндегі қауіпсіз орынды көрсететін ақпараттық тақтаның презентациясы (жоспардан тыс).
- Орман және дала өрттерін модельдейтін программаның презентациясы (жоспардан тыс). Жоғарыда көсетілген жеті мәселе бойынша отырыс қорытындысында аудан және қала әкімдеріне, облыстық департамент, басқарма басшыларына орындау мерзімдерін белгілей отырып, нақты тапсырмалар берілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі