Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және болдырмау

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және болдырмау

2024 жығы 25 қаңтарда Райымбек ауданы Төтенше жағдайлар  бөлімінің және №12 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және болдырмау» тақырыбында дөңгелек үстел жиыны өткізілді.

Өткізілген жиынға Райымбек ауданының прокурорының аға прокуроры          Талғат Ұлықпанұлы Абеков және Райымбек ауданы әкімі аппаратының заң және мемлекеттік құқық бөлімінің басшысы Ернат Сайлаубайұлы Керимбаев қатысты.

Дөңгелек үстел жиыны барысында,аудандық прокуратура және аудандық әкімшілігінен келген  өкілетті қызметкерлерімен, Төтенше жағдайлар  бөлімінің және №12 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері арасында жемқорлыққа қарсы заңдылық талаптарын ұстануы;

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін және тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру, заңдылықтың және тәртіптің талаптары қатаң сақталуы;  

барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті екені, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол бермеу қажет екендігі, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бергендігі үшін әрбір сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі бойынша жауапкершілікке тартылатыны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі