Бірлескен рейдтер өткізілді

Бірлескен рейдтер өткізілді

          Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының "Бақытты және қауіпсіз балалық шақ" республикалық жобасы шеңберінде Талғар аудандық прокуратура, полиция, ТЖ және қамқоршылық органдарының қызметкерлері, сондай-ақ Жанұя отбасын қолдау Орталығының қызметкерлері қолайсыз отбасыларға рейд жүргізіп, оның барысында баратын отбасылардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексерді. 

          Талғар ауданының құтқарушылары үйлердің ішіндегі жылыту және электр жүйелерінің жай-күйін тексерді, жылыту пештерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау бойынша нұсқама жүргізді және көміртегі тотығын анықтау датчигін орнатты.

         «Пешке» қатысты өрттердің көбісі жылыту маусымында, суық мезгілде болады.

         Саңылаулары бар, пеш есіктері дұрыс жабылмайтын пештерді пайдалануға болмайды, отты тез тұтандыратын жанғыш сұйықтықтарды (бензин, керосин және т.б.) пайдалануға, пеште және оған жақын жерде отын, аяқ киім, киім кептіруге, оған жақын жиһаз орнатуға тыйым салынады.

          Сондай-ақ, жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға және оны балаларға қарауды тапсыруға тыйым салынады.

 

                                                                            Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі