Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайық!

Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайық!

Автокөліктердегі өрттің шығу себебі - электр тоқ жүйелерінің қысқаша түйықталуынан болады.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар басқармасы автокөліктердегі өрт, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында, төмендегі шараларды қатаң орындауды ұсынады:

— электр тоқ жүйелері және қондырғылары зауыттан шығарылған болуы тиіс;

— қозғалтқыш пен астынғы қорғағыш жанармайдан таза болуын қадағалап, майдың төгілуіне жол бермеу керек;

— автокөлік ( жеңіл автокөлік-ОП-1, «Газел» автокөліктері-ОП-3, автобустар-ОП-5 және алысқа жол жүретін автобустар ОП-5 -2 дана) өрт сөндіргіштермен қамтамасыз етілсін;

— аккумулятордан электр тоғын ажырататын қондырғы (трамблер) ақаусыз жұмыс істеуі керек;

Қатаң тиым салынады:

— қозғалтқышты ашық отпен (паяльная лампа)қыздыруға;

— қолдан жасалған электр қондырғыларын пайдалануға;

— жанармай құю станциясында жолаушыларды түсірмей жанармай құюға;

— автокөлік ішінде темекі шегуге;

— автокөлік ішіне жанармайдың бос ыдыстарын сақтауға немесе жинауға;

— аккумуляторды автокөлік ішінде зарядтауға;

— қозғалтқышты бензин немесе дизель маймен жууға;

 Адам өміріне қауіп төндірмеу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайық. Өрт-тілсіз жау екенін ұмытпаңыз !