
Қонаев қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы Қонаев қаласының орта мектеп гимназиясында 5 сынып оқушыларымен, балаларды төтенше және қауіпті жағдайларда іс-әрекетке дайындауға, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған "Қауіпсіздік сабағын" өткізді.
Оқушыларға «Отпен ойнамау» және «Электр аспаптарын өрт кезінде сөндіру» атты танымдық бейнероликтер көрсетілді. Көрсетілген бейнероликтерден кейін, Қонаев қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері интерактивті сұрақ-жауап ойынын өткізді, мұнда зейінді тыңдаушылар өртке қарсы тақырыптар бойынша жұмбақтарды тауып, одан кейін үйдегі және мектепте өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін айтып берді.
Ойын, барынша қолжетімді формада оқушыларға өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері, сондай-ақ өрт немесе кез келген басқа оқиға кезіндегі іс-әрекеттер түсіндірілді. Айтылған материалды жақсы есте сақтау үшін Қонаев қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, оқушыларға төтенше жағдай кезінде жазылған алгоритмдерден тұратын жадынамалар таратты.
Сабақ барысында балалар құтқарушы мамандығына үлкен қызығушылық танытып, өздерінің "ұстаздарынан" осы батыл мамандық, сондай-ақ олардың өкілдері туралы сұрақтарын қойды.
Осындай ашық сабақтар балалардың болашақта өмірдегі қауіпті жағдайларды болдырмауға, егер олар туындаған жағдайда дұрыс әрекет етуге, басқаларға көмектесуге көмектесетін білім алу мақсатында жүйелі түрде өткізіледі.
Мұндай кездесулер балаларда қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуге, балалардың кәсіби бағдарлануына және өрт сөндіруші және құтқарушы мамандықтарын танымал етуге жәрдемдеседі, төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын дамытады және жетілдіреді, балаларды жеке және ұжымдық қауіпсіздік мәселелеріне таныстырады және өрт пен төтенше жағдайлардың алдын алу бөлігінде олардың қызығушылығын дамытады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі