Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі

Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі

2024 жылғы 25 қаңтар күні Қонаев қаласы ТЖБ қызметкерлері "Қапшағай автобус паркі" ЖШС қызметкерлері ықтимал өрттерге дайындықты қамтамасыз ету мақсатында, өрт сөндіргіштерді пайдалану үшін өрт қауіпсіздігі бойынша сабақтар өткізді.

Нұсқаулық барысында  келесі маңызды мәселелер қарастырылды:

  • өрт сөндіргіштердің әртүрлі түрлерімен, олардың мақсатымен және қолдану саласымен танысты. Бұл маңызды ақпарат үргізушілерге ұнтақ, көмірқышқыл газы және су өрт сөндіргіштерінің арасындағы айырмашылықтарды түсінуге және белгілі бір жағдайда арнайы өртсөндіргіш құралын пайдалану керектігін анықтауға мүмкіндік берді.
  • өрт сөндіргіштерді іске қосу және пайдалану техникасы, өрт сөндіргіш зат ағынының бағыты және отты сөндіру процесін аяқтау жөніндегі нұсқаулықтар зерделенді;
  • өрт ошағына қалай дұрыс жақындауға және өртті сөндіру процесінде өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге нұсқау берілді;
  • автобус жүргізушілерін автокөлікте өрт туындаған жағдайда қауіпсіздік ережелеріне оқыту жүргізілді. Сонымен қатар мамандандырылған өрт сөндірушілердің келгенге дейін, жолаушыларды эвакуациялау, тәртіп пен жағдайды бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі өз міндеттерімен таныстырылды.

Сондай-ақ, нұсқаулықтың теориялық бөлімінен кейін Қонаев қаласы ТЖБ қызметшілердің жетекшілігімен төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар бойынша практикалық жаттығулар жүргізілгенін атап өткен жөн.

Осылайша, автобус жүргізушілеріне өрт сөндіргіштер құралдарыг дұрыс  қолдануға, олардың төтенше жағдай туындаған кездегі дағдыларын шыңдап қана қоймай, қоғамдық көліктегі қауіпсіздіктің жалпы деңгейін арттыруға ықпал еттілді.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі