
Азаматтық қорғау органдары мен волонтерлік ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті Талғар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі "Жетісу" телеарнасы тілшілерінің қатысуымен волонтерлік ұйымдармен жұмыс кездесуін өткізу кезінде Төтенше жағдайлар бөлімі және волонтерлік ұйымдар төрағаларымен «Лидер.kz» АҚ Ділмира Блац және Талғар ауданы Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мөлдір Абатайқызы араларында өзара іс-қимыл меморандумына қол қойылды және дөңгелек үстел өткізілді.
Талғар аудандық ТЖБ мамандары Тергеусізов Еркебулан Серікұлы және Қасымжанова Алия Қалибекқызы кіріспе сөз сөйледі. Іс-шара барысында 2023 жылы волонтерлік ұйымдармен бірлескен жұмыстың қорытындылары шығарылып, негізгі іс-шаралар атап өтілді, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы профилактикалық іс-шаралар кешенін өткізуде өзара іс-қимыл жасау үшін бағыт таңдалды. Бұдан әрі волонтерлер үшін жер сілкінісі кезінде қауіпсіздік қағидаларын, пешпен жылытуды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын халыққа жеткізу, халықтың улы газбен улануының алдын алу және іздеу-құтқару жұмыстары аса маңызды мәселе болды және басқа да мәселелері бойынша оқыту-нұсқама өткізілді. Сондай-ақ, 2024 жылға арналған бірлескен жобалар талқыланып, жоспарланған.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі