
Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссияның 2024 жылғы 23 қаңтардағы Алматы облысы әкімінің орынбасары Н.К. Құдайбергеновтың төрағалығымен комиссия отырысы өтті.
Отырыста бір мәселе қаралды:
1.«Алматы облысының аумағында болған жер сілкінісіне азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығы мен ден қоюы туралы».
Жоғарыда көсетілген бір мәселе бойынша отырыс қорытындысында аудан және қала әкімдеріне, облыстық департамент, басқарма басшыларына орындау мерзімдерін белгілей отырып, нақты тапсырмалар берілді.
Анықталған зақым келген ғимараттардың көзбен шолу актілерін жасау және құзырлы мекемелерге жақын арада жер сілкінісін алдын алу бойынша бірталай іс-шараларды орындау бойынша тапсырмалар берілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі