
2024 жылы 23 қаңтар күні өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық аланында Алматы облысындағы жер сілкінісі бойынша брифинг өтті. Брифингте Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Данияр Болатбекұлы және Төтенше жағдайлардың жою баскармасының бастығы а.қ. майоры Ерсін Еділханұлы сөз сөйледі. Брифинг барысында жер сілкінісі кезіндегі азаматтардың қауіпсіздігі мәселелері айтылып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берілді.
«ҚР ТЖМ «Сейсмология институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 00 сағат 09 мин уақытында жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысына қарай 264 шақырым жерде орналасқан Қазақстан мен Қырғызстан мемлекеттерінің шекарасы аймағында орын алған. Сезілетіндігі туралы мәліметтер: Алматы қаласында 5 балл
Сондай-ақ, ҚР ТЖМ «Сейсмология институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен сағат 00-де 42 мин екіншірет жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысына қарай 251 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай мемлекеттер шекарасы аймағында орналасқан. Сезілетіндігі туралы мәліметтер: Алматы 2 балл
23 қаңтарда түнен бастап 20 мәрте жер сілкінісі тіркелді, олардың эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында, Қырғызстан мен Қытай шекараларының аймағында болған. Жалпы 2 баллдан асқан жоқ болған.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдарға, Полиция басқармасына, Казселденқорғау, Прокуратураға және өзге де ұйымдарға хабарлады, сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдай нақтылануда, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ», - деп атап өтті Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары Данияр Қасымов.
Осыған байланысты Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібін еске салады:
Брифинг соңында спикерлер азаматтарды жер сілкінісі болған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Сондай-ақ спикерлер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі