
Балықшылармен және демалушылармен қысқы кезеңде су объектілерінде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Температураның төмендеуіне, сондай-ақ Жамбыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің ауданның су айдындарында адамдардың қаза болуына жол бермеуіне байланысты 22.01.2024 жылы Ұзынағаш ауылында орналасқан су қоймаларында профилактикалық рейдтік іс-шаралар өткізілді. Су объектілерін патрульдеуді жүзеге асыра отырып, балықшылармен және демалушылармен қысқы кезеңде су объектілерінде қауіпсіз мінез-құлық қағидалары, мұз астына түскенге алғашқы көмек көрсету тәсілдері және су айдындарының жанында балалардың мінез-құлқына тиісті бақылауды қамтамасыз ету қажеттілігі туралы профилактикалық әңгімелесу өткізілді, олармен 29 адам қамтылды, бұл ретте қысқы кезеңде су объектілерінде жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша 30-дан астам жадынама таратылды. Су объектілерінің жанында ойнайтын балаларды қатаң бақылауды қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аударылды, өйткені, әдетте, кез – келген су объектісі қауіптің жоғарылау көзі болып табылады.
Алматы облысы ТЖД су айдындарында жеке қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтау Сіздің демалысыңыз бен балық аулауды жағымды етеді және отбасыларға қайғы әкелмейтінін еске салады.
1.Қысқы мезгілде балық аулау үшін таныс су айдынын және тереңдігі адамның бойынан аспайтын жерлерді таңдау керек.
2.Қауіпті және қауіпсіз мұзды анықтай білу маңызды.
3.Жағадан мұзға қарай түскен кезде сақ болу керек, бұл жерлерде мұз әлсіз болуы мүмкін.
4.Ойықтарды жақын және жиі жасаудың қажеті жоқ.
5.Сондай-ақ, мұздың шағын бөлігінде үлкен топпен отыру қауіпті.
6.Егер ойық жасау кезінде одан су бұрқақпен соғыла бастаса, бұл жер қауіпті және қауіпсіз балық аулауға жарамсыз дегенді білдіреді
7.Өзіңізбен бірге қайғылы жағдайда құтқару үшін қолдануға болатын өткір заттар болу керек.
Тек осы қарапайым ережелерді сақтаған жағдайда ғана қысқы балық аулау сәтті аяқталатынына сенімді болу керек.
Қыс - жақсы мезгіл! Бұл мезгілде қысқы спорт түрлерімен айналысуға, шанамен және конькимен сырғанауға мүмкіндік бар, бірақ қауіпсіздік ережелерін, әсіресе мұздатылған су айдындарында ескеру маңызды. Тек балалардың ғана емес ересектердің де қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек.Осы қарапайым ережелерді сақтау өміріңізді құтқара алады.
Абай болыңыз, өзіңізді сақтаңыз!
«112» - еліміздің барлық аймақтарында қол жетімді құтқару қызметінің бірыңғай нөмірі. Оны теру үшін SIM-карта мен нөмірде теңгерім қажет етілмейді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі