«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында тексеру іс-шараларын жүзеге асыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында тексеру іс-шараларын жүзеге асыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

2024 жылғы 18 қаңтарда Алматы облысының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Қазақстан Республикасында тексерулер мен профилактикалық бақылау жүргізуге мораторийдің қолданылуын тоқтатуға байланысты тексеру іс-шараларын жүзеге асыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Сондай-ақ, қатысушыларға өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың негізгі қағидаттары, оның ішінде "таза парақтан" реттеу немесе жаңа реттеу саясаты жеткізілді.

Жаңа реттеу саясатын енгізу мемлекеттік өрт бақылау нысанының өзгеруіне тікелей әсер етті.

Мәселен, 2023 жылдың басынан бастап тексерулерді жүргізудің ерекше тәртібі объектіге әкімшілік әсерсіз барумен профилактикалық бақылауға көшті.

Жаңа мемлекеттік өрт бақылауының нәтижелері жоспардан тыс тексерулердің нәтижелерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін болдырмайды.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі