Денсаулық фестивалі 2024

Денсаулық фестивалі 2024

2024 жылдың 19 қаңтарында Алматы облысы Кеген ауданы аумағында Мемлекеттік қызметкерлердің оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында «Денсаулық фестифалі 2024» және аудан тұрғындары арасында өткен жарыста Кеген ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі  және Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінің арасынан құрылған «ҚҰТҚАРУШЫЛАР»  командасы, кім жылдам сайысынан командалық  3-орын, гір тасын көтеруден Кеген ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Тұрлығожа Мади жүлделі 3-орын алды. Сонымен қатар, 24 команданың ішінен «ҚҰТҚАРУШЫЛАР» командасы үздік бестікке ілінді.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі